Астанада коммуналдық қызмет қалай жұмыс істеп жатыр

Астанада қала көшелерін қардан тазартуға 2300-ден астам жол жұмысшы мен 1400-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды. Қардан тазарту 18 желтоқсанға қараған түннен, яғни қар жауғаннан бастап жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Кazinform әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Астана
Фото: gov.kz

Қар тазалау жұмысы күшейтілген режимде, кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ маршруттарды белгілеу арқылы жүргізіледі. Бірінші кезекте, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды учаскелер тазартылады. Ары қарай, қозғалысы орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар тазартылады.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, сол сияқты жарықтандыру қосылған. 

Астана
Фото: gov.kz

Қыс мезгілінің басынан бері және жауын-шашын жауғаннан бері қар полигондарына 100 мың текше метрден астам қар шығарылды және 6600-ден астам рейс жасалды. 

Астана
Фото: gov.kz

«Қала тұрғындары мен қонақтарын көшеде жүргенде өте мұқият болуға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар