Астанада коммуналдық тарифтер көтерілмейді - Әсет Исекешев
«Республикамыздағы ең төменгі жылу тарифтерінің бірі - Астанада. Табиғи монополияларды реттеу комитеті бекіткен жылу және электр энергиясының тарифтеріне, энергетика нысандарына заем және жеке капитал салымдарына, инвестициялық бағдарламаларды толық орындауға, Астананың қуат өндіруші нысандарында және электр-жылу желілерінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қарамастан әкімдік ішкі резервтер таба алды. Бұл қуат өндіру, тарату және өткізу мүдделерін теңгерімдеуге мүмкіндік берді және 2016-2017 жылдары жылыту маусымының соңына дейін жылу, электр энергиясының және су тарифтерін көтермеу туралы шешім қабылданды. Сәйкес нұсқаулар белгіленген тәртіппен күшіне енді. Бұл Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында қала тұрғындары үшін жақсы жаңалық деп ойлаймын!», - деп жазды қала басшысы.