Астанада конькимен жүгіру көпсайысы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада әйелдер мен ерлер арасында конькимен жүгіру көпсайысы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты және жасөспірімдер арасында жеке қашықтық бойынша ҚР-ның чемпионаты басталды.

Жарыс 28-30 наурыз аралығында «Алау» мұз айдынында өтеді.

«Біріншілікке 105 спортшы қатысып отыр, бұл ҚР-ның көпсайыстан әйелдер мен ерлер арасындағы чемпионаты. Жасөспірімдер арасында жеке қашықтық бойынша ҚР-ның чемпионаты да қатар өтеді. Жарысқа 8 аймақтан спортшылар келіп отыр», - деп атап өтті ҚР Мемлекеттік жаттықтырушысы Кенже Сәрсекенова.

Оның айтуына қарағанда, чемпионаттың нәтижесі бойынша, ұлттық құрамаға жеңіске жеткен 10-ға тарта спортшы алынады. Танымал спортшылардан бүгінгі жарысқа Александр Жигин, Денис Кузин, Федор Мезенцев, Екатерина Айдова қатысып жатқандығын да айта кеткен жөн.

«Ерлер 500, 3000, 1500, 5000 метр қашықтықта, әйелдер 500, 1000, 1500, 3000 метр қашықтықта сайысады. Төрт қашықтықтың қорытындысы бойынша чемпиондарды анықтаймыз. Осы жарыспен 2015-2016 жылғы жарыс маусымы аяқталады. Бұл 2016-2017 жылғы жарыс кезеңіне іріктеу болып саналады. Осы чемпионаттың қорытындысы бойынша, 1, 2, 3 орындарға ие болған спортшылардан келесі жылға ұлттық құрама мен жастар командасын құрамыз», - дейді мемлекеттік жаттықтырушы.
null null null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар