Астанада конькимен жүгіру спортынан ел Кубогі өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Алау» мұзайдыны сарайында конькимен жүгіруден ел Кубогі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Бұл турнир спортшылар үшін маусымның ресми ашылуы деп саналады және 26-28 қазанда өтетін Қазақстан чемпионатына дайындық кезеңі болып табылады. Біріншілікте ел құрамасына кіретін және Әлем кубогына қатысатын спортшылар анықталады.

null 

Жарыстың алғашқы күні елордалық спортшылар үш алтын мен бір қола медальдар еншіледі. Надежда Сидельник 500 метр қашықтықта топ жарса, 3 км жүгіруде «қола» олжалады.

Ерлер арасындағы командалық жарыста астаналық спортшылар Дмитрий Морозов, Демьян Гаврилов, Артур Галиев топ жарды. Әйелдер арасындағы спринтте де елордалықтар көш бастады. Мұнда Надежда Сидельник, Маргарита Артемьева, Екатерина Брынза жеңіске жетті.

Чемпионат 14 қазанға дейін жалғасады. Бүгін қатысушылар - үш, ертең екі қашықтықта сайысқа түседі.

Айта кетейік, конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогының үшінші кезеңі 2-4 желтоқсанда Астанада өтеді. 

 

Соңғы жаңалықтар