Астанада конькимен жүгіруден әлем чемпионаты басталды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Алау» мұз айдыны сарайында конькимен жүгіруден әлем чемпионаты басталды, деп www.24.kz.

Астанада конькимен жүгіруден әлем чемпионаты басталды (ФОТО)

Дүбірлі доданың шымылдығы әйелдер арасында конькимен 500 метрге сырғанаумен ашылды. Чемпионатқа 16 елден 64 конькиші қатысуда. Арасында олимпиада мен әлем біріншілігінің жеңімпаздары бар. Елімізден бұл сынға 4 спортшы катысып отыр. Әлем чемпионы Денис Кузиннен бөлек, Роман Креч, Александр Жигин және Екатерина Айдова жарыс жолына шығады. Айта кетейік, елімізде қысқы спорттан дүниежүзілік деңгейдегі жарыс тұңғыш рет өтіп отыр. Жүлде қоры 15 миллион теңгені құрайды.