Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Алау» мұзайдыны сарайында көпсайыстан Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Конькимен жүгіру спортында спринтерлік және классикалық көпсайыс, шағын көпсайыс, кіші және әйелдер көпсайыстары болды. Қашықтықтар комбинациясы 500, 1000, 1500 және 5000 метрді құрады. Қазақстандық спортшылар көпсайыстан ел біріншілігін маусымның соңында өткізеді. Еліміздегі үздік стайер Дмитрий Бабенко маусымды мерзімінен бұрын аяқтады. Жарыс қорытындысы әйелдер арасында 3000 метр, ерлер арасында 5000 метр қашықтыққа жүгіруде анықталды. Төрт қашықтықтың жалпы нәтижесі бойынша әйелдер арасында петропавлдық Елена Урванцева көпсайыс жеңімпазы атанды. Хромтаулық Мария Сизова 2-ші орынды иеленді. 3-ші орынды қарағандылық Алена Стапсова олжалады. Ерлер арасында алматылық Максим Баклашкин чемпионат жеңімпазы атанса, 2-ші орынды елордалық спортшы Дмитрий Морозов алды. 3-ші орын қарағандылық Станислав Палкинге бұйырды. Бүгін «Алау» мұзайдыны сарайында 2014-2015 жж. маусымдағы ресми жарыстар бағдарламасын жабатын төртінші кәсіби «Alau Ice Marathon» өтеді.

Соңғы жаңалықтар