14:12, 05 Шілде 2012 | GMT +5
Астанада қонақүй отқа оранды, 30 адам шұғыл қауіпсіз аймаққа көшірілді
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Астана қаласының Алматы ауданында, Мұстафин көшесі бойында орналасқан «Жазғы бақ» қонақүй кешенінде 5 шілдеде сағат 03.30-да ғимараттың сыртқы жабындысы мен шатыры өртенді.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт сағат 04.27-де сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 25 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды. Жалын 100 шаршы метрді шарпыды. 30 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.