Астанада концерт ағылшынның үздік блюз әншісі Д.Гиллеспидің концерті өтеді
АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең, қыркүйектің 14-і күні Бейбітшілік және келісім сарайында Ұлыбританияның белгілі блюз орындаушысы Дана Гиллеспидің концерті өтеді.
Осыған орай бүгін ағылшын әншісі Астанада арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, «London Blues» тобын таныстырды. Д.Гиллеспидің өзі әлем гастролімен жүр екен. Осы уақытқа дейін ол 60-қа жеке альбомдарын шығарып, Еуропа, Таяу Шығыс, Үндістан және тағы басқа елдерде концерт беріп үлгерді. Жақында Ұлыбританияның блюз қауымдастығы және «Bluepraint Magazine» журналы Д.Гиллеспиді «ағылшынның үздік блюз орындаушысы» деп таныды.