Астанада Конституция күніне арналған алқалы жиын басталды

АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Астанадағы «Рэдиссон» қонақ үйінде ҚР Конституциясы күніне арналған «Конституция - қоғам мен мемлекеттің даму стратегиясының негізі» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды.

Астанада Конституция күніне арналған алқалы жиын басталды

Алқалы жиынға еліміздің барлық мемлекеттік органдары - ҚР Президентінің Әкімшілігі, Үкімет, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, Конституциялық кеңес, Жоғарғы сот және барлық министрліктердің басшылары қатысуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та аталған конференциядан тыс қалмай, өзінің құттықтау хатын жолдады. Оны ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин оқып берді. Сондай-ақ аталған жиынға ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов, Еуропа кеңесі Венеция комиссиясының төрағасы Джанни Букиккио, Азия елдерінің конституциялық соттары мен баламалы институттары қауымдастығының президенті, Түркияның Конституциялық сотының төрағасы Хашим Калич, Еуразиялық экономикалық қауымдастығы сотының төрайымы Анна Соколовская, Әзірбайжанның Конституциялық кеңесінің төрағасы Фархад Абдуллаев, Кореяның Адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Бенг Чол Хен және тағы басқа халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.