17:02, 28 Тамыз 2014 | GMT +5
Астанада Конституция күніне арналған халықтық серуен қалалық алаңда өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Конституция күніне арналған халықтық серуен қалалық алаңда ұйымдастырылады, деп хабарлады astana.kz

Мерекелік концертте Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері өнер көрсетеді, Астана қаласының шығармашылық ұжымдары мен қазақстандық эстрада жұлдыздары елорда тұрғындары мен қонақтарына жақсы көңіл күй сыйламақ,
Сонымен қатар, алаңда тәтті-дәмділер мен сусындар сатылатын орындар ашылады. Мерекелік шара сағат 10.00 басталып, кешкі 23.00 дейін жалғасады.