Астанада Конституция күніне арналған концерт өтті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Конгресс-Холл сарайында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған концерт болып өтті. Шараға еңбек ардагерлері, білім мен медицина саласының қызметкерлері және қоғамдық бірлестіктер өкілдері шақырылды.
None
None

Қонақтарға Астана қаласының мемлекеттік филармониясы әртістері өнер көрсетіп, ән шырқап, би биледі.

«Осы керемет кешті ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Біз бұл концертке барлық ұжым болып келдік және үлкен әсер алдық. Бізге әншілер шынайы мерекелік көңіл-күй сыйлады. Конституция күні Астанамызда жылда осылай кең көлемде аталып өтіп келеді. Бұл еліміздің ең басты заңы, сондықтан барлығымыз оны құрметтеуге, сақтауға міндеттіміз. Барша қазастандықтарды осынау үлкен мейраммен құттықтаймын!» - деді 30 жылдық жұмыс өтілі бар дәрігер Бағила Жүсіпова.

Соңғы жаңалықтар