21:40, 26 Тамыз 2014 | GMT +5
Астанада Конституция күніне арналған спорттық шаралар өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Конституция күнін мерекелеу аясында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін 50-ден астам түрлі шара ұйымдастырылады, соның ішінде, спорттық жарыстар, флеш-мобтар мен акциялар, байқаулар, көрмелер, концерттер бар, деп хабарлады astana.kz

Нақтырақ айтқанда, 27 тамыз күні белсенді жастар Орталық паркте флеш-моб ұйымдастырады. Ал кешке «Алау» мұз сарайында балалар арасында жарыс болады. 27-29 тамызда «Автомобилист» футбол алаңында 10-11 жастағы ұлдардың командалары өзара шеберлік байқасады. 27-31 тамызда «Дәулет» спорт кешенінде ересектер арасында таэквондодан «Халықаралық Гран-при сериясы» турнирі өтеді. Есіл ауданының тұрғындары 27-29 тамызда күн сайын сағат 17.00 «Көңілді старт» шарасына қатысады.