Астанада Конституция күніне орай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

АЛМАТЫ. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - Астанада тамыздың 30-ында Жеңіс даңғылында Конституция күніне орай «Жетісу сыйы - елордаға» мерекелік жәрмеңкесі ашылады,

Астанада Конституция күніне орай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

 деп хабарлайды «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген автокеруен  тамыздың 27-сінде Алматыдан Астанаға жол тартады, ал тамыздың 30-ында елорда тұрғындары көкөніс, жеміс, ет және шұжық өнімдерін, жұмыртқа мен құс етін, сүт тағамдарын, нан-бөлке және кондитер өнімдерін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бағасымен сатып ала алады.

Жәрмеңке Астана әкімдігінің қолдауымен «Сарыарқа» ӘКК-мен бірлесіп өткізіледі. Жәрмеңкені елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов ашады деп күтілуде.