Астанада Конституция Күніне орай коньки спортынан Қазақстан Республикасының Жазғы кубогі өтіп жатыр
АСТАНА. 30 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Алау» мұз айдыны сарайында Конституция Күніне орай коньки спортынан Қазақстан Республикасының Жазғы кубогі өтіп жатыр.
Сонымен қатар осы спортпен бұқаралық түрде шұғылданудың маусымы да ашылды.
Ұлттық командалар мен спорттық резерв штаттары директорының орынбасары Алексей Крюковтың айтуынша, бұл жарыстар қатысушылардың спорттық дайындығы деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
«Елордада спортшылар үшін барлық жағдайлар жасалған Мұз айдыны пайда болғаннан кейін спортшыларды даярлаудың мазмұны үздіксіз циклге көшірілді. Атап айтқанда, қазақстандық спортшылар жазғы және қысқы маусымда да жаттығуды жалғастырып келеді»,-деп аттап өтті ол.
А. Крючковтың айтуынша, бүгінде «Алау» Мұз айдыны сарайында елордалық спортшылармен қатар еліміздің барлық өңірлерінен келген ұлттық құраманың мүшелері жаттығып жатыр.