Астанада Конституция күніне орай зейнеткерлер сыйақы алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада көмекке зәру зейнеткерлер (ең аз зейнетақы алатындар арасынан) және ардагерлер Кеңесі комиссиясының мүшелеріне 3 192 теңге көлемінде сыйақы беріледі, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. 19 жыл бұрын құжат республикалық референдумда қабылданған. Қазірдің өзінде Астанада Конституция күнін тойлауға арналған мерекелік және әлеуметтік шаралар басталып кетті.

Соңғы жаңалықтар