Астанада көп қабатты тұрғын үй мен дүкенде болған өрттен 16 адам құтқарылып, 80 адам қауіпсіз жерге көшірілді - ТЖМ

АНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Кеше түнде Астанада көп қабатты тұрғын үй мен дүкенде болған өрттен 16 адам құтқарылып, 80 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Астанада көп қабатты тұрғын үй мен дүкенде болған өрттен 16 адам құтқарылып, 80 адам қауіпсіз жерге көшірілді - ТЖМ

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.

Төтенше оқиға түнгі сағат 11 шамасында Алматы ауданы Толстой көшесінде орналасқан он қабатты тұрғын үйде орын алды. Өрт электркабельдері шахтасының бойымен тұрғын үйдің 1 және 6 қабаттарына дейін көтеріліп, үйдің алғашқы қабатында орналасқан «Либерус» дүкенінің ішкі аспалы шатырын жалмады.

Жалынды ауыздықтауға ТЖД өртке қарсы қызметтерінің 30 адамы мен 8 техникасы, сондай-ақ Апатты медицина орталығының 6 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өрт бір жарым сағаттан кейін сөндірілді.

Құтқарушылардың айтуынша, оқиға салдарынан 27 жастағы бір азамат көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға жеткізілген.