Астанада көп көлемде көмір жеткізілген бөлшек саудалау орындары жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының аумағындағы көп көлемде көмір жеткізілген бөлшек саудалау орындары туралы ақпаратты қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева Фейсбуктегі парақшасында жазды.

Астанада көп көлемде көмір жеткізілген бөлшек саудалау орындары жарияланды

Бұрын хабарланғандай , қалаға қыркүйектің басынан бері 46,7 мың тонна қатты отын жеткізілген. Бүгін Астанаға 5 600 тонна Шұбаркөл көмірі түсірілді. Екі күн бойы тағы да 5 мың тонна көмір әкелінуі көзделіп отыр.

1 қыркүйектен 11 қазанға дейін Астана стансасында 46 726 тонна (Шұбаркөл - 8 349 т, Қаражыра - 16 704 т, Майкүбі - 21 673 т) көмір түсірілді. Жалпы 667 вагон жеткізілді, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30%-ке көп деген сөз.

Астана қаласының аумағында орналасқан ірі көмір сату орындары мыналар:
Ет комбинаты, Көктал к., 78, 11 500 теңге (Шұбаркөл);

Абай-Жұбанов көшелерінің қиылысында, Жұбанов к., 35, 11 500 теңге (Шұбаркөл);

Қырқыншы станса, Ж. Жабаев к., 76, 11 500 теңге (Шұбаркөл);

Герцен к., 6/2, 11 500 теңге (Кузнецк);

Кенмарт, Қарағанды тас жолы, 10 500 теңге (Қаражыра);

Бетон орталығы, Дулатов к., 182, (Қаражыра, 2-сорт), тұтыну көмірі - 13 500 теңге, сұрыпталған көмір - 14 000 теңге;

Орталық базар, Алаш тас жолы, 19/1, 11 500 теңге (Шұбаркөл).