Астанада көпбалалы және толық емес отбасылар үшін мерекелік дастархан жайылады

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанада Отбасы күнін атап өтуге орай көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, тыл қызметкерлері мен зейнеткерлер кешкі дастарханға шақырылады. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы Есіл ауданының әкімі аппаратынан хабарлады.

Астанада көпбалалы және толық емес отбасылар үшін мерекелік дастархан жайылады

Биыл Отбасы күнін атап өту аясында елордада халықтың түрлі топтарын қамтитын бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылады. 6 қыркүйекте Есіл ауданы әкімі аппаратында аудан әкімі отбасыларға сый ретінде сертификаттар табыс етеді. Бұдан басқа, аудан әкімінің аппараты «Цеснабанк» АҚ бірлесіп, аз қамсыздандырылған отбасыдан шыққан 50 балаға арналған мектепке жинау бойынша іс-шара ұйымдастырады. Олар үшін қажетті кеңсе заттарын сатып алуға сертификаттар дайындалды. 6 қыркүйекте «Азия парк», «Керуен», «Мега», «Сарыарқа» және «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталықтарында аттракциондар паркінде қызықты бағдарлама әзірленеді. Аталған акция аясында көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан 200 бала қамтылмақ. Ересектер де назардан тыс қалмайды. Есіл ауданынының Аардагерлер кеңесімен бірлесіп, қарттарды құттықтау рәсімі өтеді.

Еске салайық, қалада Отбасы күніне орай бірқатар мерекелік іс-шаралар өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, концерттік бағдарламалар, спорт жарыстары, кездесулер, фотосуреттер мен кітап көрмелері.