Астанада көпірден секірген ер адам жантәсілім етті
АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Елорданың Есіл ауданында Есіл өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінде қайғылы оқиға орын алды.
27 жастағы ер адам кеше сағат 17.00 шамасында көпірден суға секіріп, батып кеткен. Оның мәйіті судан ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД суда құтқару қызметінің 5 маманы мен 3 техникасының көмегімен шығарылды.