Астанада көпқабатты тұрғын үй өрттенді

АСТАНА. KAZINFORM - Астана қаласы Ғ. Мүсірепов көшесіндегі он қабатты тұрғын үйде өрт шыққан.

Астанада көпқабатты тұрғын үй өрттенді
Фото: видеодан алынған скрин

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде тоғызыншы қабаттағы пәтерде жиһаз бен үй заттарының ашық жалынмен жанып жатқаны байқалды. Құтқарушылар жедел түрде өртті сөндіруге кірісті. Үй тұрғындары өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін өздігінен эвакуацияланды.

Өрт қысқа мерзім ішінде толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Айта кетелік Астанада салынып жатқан 12 қабатты үйден өрт шыққан еді.