Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада көпқабатты үйден құлаған қыз мерт болды

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада 17 тамызда Роза Бағланова 6 көшесіндегі тұрғын үйдің 22-қабатынан құлаған қыз қаза тапты. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

жедел жәрдем
Фото: Алматы әкімдігі

Алдын ала мәлімет бойынша, қыз көпқабатты үйдің терезесінен секіріп, алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмған.

– Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады Астана қаласының Полиция департаменті.

Айта кетейік, Өскеменде көпірден секірген ер адамның денесі табылды.

Сондай-ақ Алматыда бесінші қабаттан секірген әйел көз жұмды.

Атырауда 6-қабаттан секірген ер адам оқиға орнында мерт болды.