Астана әкімі кешегі өртенген үйді жөндеп береміз деп уәде етті

өрт
Фото: Жеңіс Қасымбек/Facebook

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек көпқабатты үйдің тұрғындарымен кездесті.

«Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездестім. Өрт салдарын жою бойынша жұмыс комиссиясын құрамыз. Енді сарапшылар техникалық қорытынды бергеннен кейін қасбетті қалпына келтіруге және зардап шеккен пәтерлерді жөндеуге кірісеміз», — деп жазды Жеңіс Қасымбек Facebook парақшасында.  

өрт
Фото: Жеңіс Қасымбек/Facebook

Одан бөлек, елорда әкімі өрттің себебін қаланың төтенше жағдайлар департаменті анықтайтынын мәлім етті. 

өрт
Фото: Жеңіс Қасымбек/Facebook

Айта кетсек, кеше Астанада көпқабатты тұрғын үйдің 26-қабатынан өрт шықты. 

Өртенген үйден 8 адам көшіріліп, арнайы штаб құрылды. 

Сондай-ақ, агенттік тілшісі оқиға орнынан репортаж жасаған болатын. 

қасымбек
Фото: Жеңіс Қасымбек/Facebook

 

Соңғы жаңалықтар