Астанада көпқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде 26 адам, оның ішінде 7 бала қауіпсіз жерге көшірілді

АНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Есілдің сол жағалауындағы көпқабатты тұрғын үйде болған өрт кезінде 26 адам, оның ішінде 7 бала қауіпсіз жерге көшірілді.

Астанада көпқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде 26 адам, оның ішінде 7 бала қауіпсіз жерге көшірілді

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.

Хабарланғандай, 12 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 11 шамасында Сығанақ көшесінде орналасқан 8 қабатты тұрғын үйдің бірден төрт пәтерінде өрт шығып, жалын 170 шаршы метр аумаққа жайылған.

Тілсіз жаумен күреске ТЖМ Астана қаласы бойынша департаменті өртке қарсы құрылымының 47 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылып, от 1 сағаттың көлемінде ауыздықталды.