08:15, 09 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Астанада көпқабатты тұрғын үйдің лифт шахтасына жұмысшы құлап кетіп, мерт болды
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада көпқабатты тұрғын үйдің лифт шахтасына жұмысшы құлап кетіп, мерт болды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, 8 желтоқсан күні таңертең, Мирзоян көшесіндегі «Нұр Отау» тұрғын үй кешенінде жолаушылар лифтінде монтажды жұмыстарды жүргізу барысында, 10-ыншы этаждан лифт шахтасына «Астана-лифт» ЖШС-ның үйренуші монтажшысы құлап кетті. 1969 жылы туған азамат алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды.