Астанада көппәтерлі үйдің тұрғындары сусыз қалды

АСТАНА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Елордадағы көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары сусыз қалып отыр,

Астанада көппәтерлі  үйдің тұрғындары сусыз қалды
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Кеше, наурыздың 25-і күні кешке Жұбанов атындағы көшеде орналасқан үш қабатты 27 пәтерлі тұрғын үйде (№25/1) су құбыры жарылды. Оқиға салдарынан тұрғындар сусыз қалып отыр. «Астана ?су арнасының» арнайы бригадасы жөндеу жұмыстарына бүгін кіріседі.