Астанада Қордай көшесі бір аптаға толық жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада жол құрылысы жұмыстарына байланысты Қордай көшесі бір аптаға толығымен жабылды. ҚазАқпарат бұл туралы қала әкімдігі сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Астанада Қордай көшесі бір аптаға толық жабылды

«Осы жылдың 2-8 мамыры аралығында орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты Б.Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейінгі учаскеде Қордай көшесі бойымен көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдарда кептелісті болдырмау мақсатында өз маршрутын алдын ала жоспарлауы қажет.
Қалалық қоғамдық көлік қозғалысының өзгертілген схемасымен CTS ЖШС-нің Instsgram-дағы ресми парақшасынан танысуға болады», - делінген мәліметте.

Жөндеу жұмыстарына байланысты № 121 бағдардың қозғалыс сызбасы өзгерді.