Астанада «Қорғау-2012» жоспарлы штабтық оқу-жаттығуы өтті

АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Қорғау-2012»  жоспарлы штабтық оқу-жаттығуы өтті.

Астанада «Қорғау-2012»  жоспарлы штабтық оқу-жаттығуы өтті

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мейрам Ысқақовтың айтуынша, азаматтық қорғаныс дайындығын саралауға бағытталған «Қорғау-2012» штабтық оқу-жаттығулары барлық республика аймақтарында өткізілуде.

«Жаттығу барысында азаматтық қорғаныс жоспарына сәйкес бекітілген талаптарды орындау дайындықтары пысықталады», - дейді М. Ысқақов.  

Шара аясында таңертеңгі уақытта радиоарналар мен теледидар, қалалық хабарландырулар беріліп, электр дабылы қосылған болатын. Шартты төтенше жағдай туралы халыққа хабар берілгеннен соң, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ТЖ аймағына апаттық-құтқару күштерін жеткізіп, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді, сонымен қатар адамдарды қауіпсіз жерлерге шоғырландыру жұмыстарын жасады. Ол үшін бірнеше сценарийлер де таңдалып алынды.

Аталмыш ауқымды шараға бірнеше жүз тұрғын жұмылдырылып, оларды қауіпсіз аймақтарға көшіру шаралары өткізілді.