Астанада көркем гимнастика орталығы ашылды

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада көркем гимнастика орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Орталықтың аумағы – 1 000 шаршы метрден астам, биіктігі – 14 метрге жуық. Осыған дейін қалада тиісті талаптарға сай келетін ғимарат болмаған. Бұл мәселені шешу үшін «Тәуелсіздік сарайынан» уақытша орын берілген. Енді көркем гимнастика талаптарына сай келетін жаңа орталықта емін-еркін дайындалуға болады.

Жас спортшылар осыған дейін жаттыққан «Тәуелсіздік сарайында» жөндеу жүргізіліп, балалар жарыстарға дайындықты әртүрлі жерде өткізуге мәжбүр болған еді. Енді балалар мен жасөспірімдер осында алаңсыз дайындала алады.

Орталықтың ашылу салтанатына Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебіннің директоры Сайранбек Әбілқайыр қатысты.


Соңғы жаңалықтар