Астанада көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді

АЛМАТЫ. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда алғаш рет қазанның 15-18-і күндері Астана қаласында көркем гимнастикадан IV Азия чемпионаты өтеді,

Астанада көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат Спорт комитетінің Штаттық ұлттық командалар және спорт резервтері дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол «Дәулет» спорт комбинатының Ұлттық теннис орталығында болады. Бұл дүбірлі доданы ұйымдастырушылар - ҚР Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және ҚР Көркем гимнастика федерациясы. Оған - Жапония,  Оңтүстік Корея,  Малайзия, Тайланд, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Үндістан елдерінің гимнасшылары  қатыспақ. Онда спортшылар  көпсайыстан, оның  жекелеген түрлерінен  және командалық біріншіліктен өзара сайысқа түседі. Бағдарламада жарыстың екінші күні командалық біріншіліктен, үшінші күні көпсайыстан, ал төртінші күні  көпсайыстың  жекелеген түрлері бойынша жеңімпаздар марапатталады деп жоспарланып отыр.