Астанада көркем гимнастикадан II Халықаралық турнир басталды

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велотрегі ғимаратында «Жұлдыз - 2013» кубогы үшін көркем гимнастикадан II Халықаралық турнир басталды.
None
None

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан сайысқа Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Грузия, Сингапур, Израиль, Әзірбайжан, Түркия және Өзбекстанның спортшылары қатысуда. Қазақстанның намысын Алматы, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Тараз және тағы басқа бірқатар қалалардан келген жас гимнастар қорғауда. Бүгін басталған доданың қорытындысы ертең шығарылады. Сол кезде жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

Соңғы жаңалықтар