Астанада көрнекті ғалым Рымғали Нұрғалидің шығармашылық мұрасын зерделеуге арналған конференция өтеді
Ғылым мен техникаға еңбегі сіңген қайраткер, филология ғылымдарының докторы, профессор Р.Н.Нұрғалидың (1940-2010) туғанына 70 жыл толуына арналған «Рымғали Нұрғали мұрасы және қазіргі әдебиет пен тіл ғылымының көкейкесті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ғылымии мәжіліс барысында Р.Нұрғалидің шығармашылық мұрасы зерделеу арқылы тіл білімі, әдебиеттану, тарих, философия, педагогика, және психологияның өзекті мәселелері талқыға салынады. Үш тілде өтетін конференция жұмысына алыс және жақын шетелдердің ғалымдары шақырылып отыр. Сондай-ақ конференцияға ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев, ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед,, ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев, ҚР Президенттік мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков, ҚР Парламентінің депутаттары, жоғары оқу орындарының ректорлары, белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, аспиранттар мен ізденушілер қатысады.
Конференция аясында Р. Нұрғали туралы кітап және сурет көрмелері, «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылады.