Астанада қос жұмысшы 14-қабаттан құлап, біреуі қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Астанадағы көп қабатты тұрғын үй кешендерінің бірінде оқыс оқиға болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Астанада қос жұмысшы 14-қабаттан құлап, біреуі қайтыс болды

Астана полициясына жұмысшылардың жоғарғы қабаттан құлағаны туралы хабарлама түскен. Тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы құрылыс жабдығында тұрған екі жұмысшының жерге құлағаны анықталды. Олардың бірі сол жерде қайтыс болды, ал екіншісі ауруханаға жатқызылды.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.