Астанада қосалқы станцияда болған апаттан кейін жарық беру қалпына келтірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше сағат 22.30-да елордадағы Сәтбаев көшесі мен Б. Момышұлы даңғылының қиылысы ауданында ПНФ қосалқы станциясының кабелі өртенді. Апат салдарынан Ақ бұлақ 1, 2, 3 ш/а, Б. Момышұлы даңғылы, 4, 5, шағын аудандар, «Евразия» СО ауданы жарықсыз қалды.
None
None

Апат салдарын жою жұмыстарымен «АРЭК» АҚ мамандары айналысып, жарық беру қалпына келтірілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева Фейсбуктағы парақшасында хабарлады.

«Қайырлы күн! Кеше түнде бірнеше аудандарда жарық өшіп, тұрғындарымыз ыңғайсыздыққа тап болды. Жарыққа жауапты мамандар түнімен қызмет етіп, қазір барлық үйге қуат көзін жеткізді. Әріптестеріме алғыс айтып, астаналықтардан уақытша ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!» - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, кеше елорда әкімі Әсет Исекешев оқиға орнында болып оның себебін анықтау және қаланың барлық электр қуатымен жабдықтау нысандарында осындай жағдайдың орын алуын болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар