Астанада көше спорты бойынша Қазақстан чемпионаты өтті

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - 22 желтоқсан күні Астанадағы Ұлттық теннис орталығында street workout (көше спорты) бойынша Қазақстан чемпионаты өтті.
None
None

Street Workout - бұқаралық спорт түрлерінің бірі. Ол спорт алаңдарындағы белтемірлер, қырлы бөрене, көлденең және тіке сатылар сынды спорттық снарядтарда түрлі жаттығуларды қамтиды.

Елімізде алғаш рет өткен біріншілікке барлық аймақтардан барлығы 38 адам қатысты. Олар алты жаттығу бойынша жарысты. Оның ең басты бөлігі - жеке фристайл. Бұл жаттығуда жас жігіттер мен қыздар осы спорт түрі бойынша күштік әдістерді көрсетіп қана қоймай, өз жаттығуында ерекше шоу жасауы тиіс болатын.

Чемпионат қатысушылардың бірі - Жалғас Төкеновтің жасы небәрі 16 жаста. Ол Ақмола облысы Атбасар ауданының №7 мектебінде 11-сыныпта оқиды. Жалғас бала кезінде автобус астына түсіп қалып, бір аяғынан айырылған. Бұған қарамастан, ол street workout спортына бір жыл бұрын шыңдап кірісе бастайды. Бір жылдың ішінде Жалғас осы спортпен үш жыл айналысып жүрген аяқ-қолы сау спортшылардың нәтижелерін көрсете бастады.

«Мен Street Workout-пен бір жыл бұрын, өзімнің ауламда айналыса бастадым. Өзім жеке айналыстым, бейнероликтерге қарап, үйренуге тырыстым. Мен өз-өзімнің жігерімді жани алдым деп есептеймін. Белгілі бір жетістіктерге жету үшін екі ай кетті. Ал бір жылдан кейін чемпионатқа қатысуға болатындай жоғары деңгейге көтерілдім. Негізі бұған өзгелері 3 жыл уақытын сарп етеді», - деді ол «ҚазАқпарат» тілшісімен болған сұхбатында.

Бұрындары Жалғас спортзалға ара-тұра бас сұғып тұратын. Бірақ, оның айтуынша, street workout оның спортқа деген қызығушылығын оятты. Қазақстан чемпионаты оның алғашқы жарысы емес.

«Мүмкін емес» деген сөзді ұнатпаймын. Менің өімірімде маған: «сенің қолыңнан келмейді немесе жасай алмайсын» деген сөздерді көп айтты. Алғашында жаттығулар жасау барысында мен бейнероликтерді жиі-жиі қарап жүрдім. Мен бір жаттығуды таңдап, оны бір айдың ішінде меңгеріп шығамын деп өз-өзіме серт беретінмін. Менің көптеген аяқ-қолы сау достарым спортпен шұғылдануға ерінеді, білем. Өзіңді-өзің жеңуің керек. Бұл дүниеде ең қиыны - өз-өзіңмен күрес, өз кемшіліктеріңді және әдеттеріңді еңсеру. Сенің сыртқы әлпетіңнің қандай екені маңызды емес. Саған өмір беретін ең басты қайнарың - сенің рухың», - деп есептейді Жалғас.

«Дұрыс өмір сүру керек. Өз ғұмырыңдағы әрбір секундта парасаттылық болсын. Ақыл-ойды, рух пен денені әрқашан дамытып отыру қажет. Спортпен шұғылданыңдар, темекі шекпеңдер, спирттік ішімдіктерді ішпеңдер. Сіздер көп ұзамай бақытты да, жарқын жаңа өмірдің басталғанын көресіздер», - деп атап өтті ол.

Алғашқы республикалық чемпионатқа Ресей, Шешенстан, Украина елдерінен келген халықаралық деңгейдегі спортшылар төрелікке қатысты. Жарыста бірінші орынды астаналық Илех Бадургов жеңіп алды. Екінші орынға шымкенттік спортшы Расул Ядаров жайғасса, қола жүлдені Дмитрий Подебида (Шымкент) қанжығасына байлады. Енді олар Қазақстан намысын 2014 жылы Астанада өтетін Әлем чемпионатында қорғамақ.

Соңғы жаңалықтар