Астанада көшедегі заңсыз орнатылған сауда павильондарын жүйелеу жұмыстары жүріп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Есіл ауданы әкімдігінің аппаратымен бірлесіп аудан аумағындағы заңсыз орнатылған сауда павильондарын демонтаждау жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада көшедегі заңсыз орнатылған сауда павильондарын жүйелеу жұмыстары жүріп жатыр
Фото: Астана әкімдігі

– Бұл шаралар көшедегі ретсіз сауданы реттеу, қала көрінісін жақсарту және сауда нысандарын орналастыру талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған. 2025 жылы қала бойынша 225 заңсыз орнатылған павильон алынып тасталған болса, 2026 жылдың басынан бері тағы 15 нысан демонтаждалды, -санит деді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы сауда және қызмет көрсетуді дамыту бөлімінің басшысы Әділ Капсалямов.

Заң талаптары мен санитарлық нормаларды сақтау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады. Бұл бағыттағы шаралар қаладағы сауда инфрақұрылымын реттеуге және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Осыған дейін Ақтөбе прокуратурасы қаңырап бос тұрған ғимараттарды қоршауды міндеттегенін жазған едік.