Астанада «Көші-қон мәселелері және оралмандардың құқықтық әлеуметтік бейімделуі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен  23 қарашада «Нұр Отан»  ХДП Астана қалалық филиалы  және «Көшіп қонушыларды ақпараттық және аналар мен балаларды қолдау «Мейірім-Демеу» орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Көші-қон мәселелері және оралмандардың құқықтық әлеуметтік бейімделуі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтеді.
None
None

 Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оған ғалымдар, мемлекеттік органдардың өкілдері,  оралмандар, БАҚ және қоғамдық ұйымдар өкілдері   қатыспақ.                                                                                                                                        

  Бұл шараның мақсаты - мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Елордамыз Астана қаласына алыс және жақын шетелдерден қоныс аударған оралмандарға құқықтық, ақпараттық, рухани, психологиялық, тілдік көмектер көрсету арқылы олардың жаңа ортаға кірігіп, қоғамдық өмірге еркін араласуына мүмкіндік жасау, қоғамдық белсенділігін арттыру бағытында іске асып жатқан «Оралмандарды әлеуметтік бейімдеу және қолдау қызметін ұйымдастыру» атты  әлеуметтік жоба барысында көтерілген басты проблемалар мен қойылған сұрақтар, пікір-ұсыныстарды талдау арқылы олардың маңыздылығын белгілеп, топтау, көші-қон саясатының құқықтық, әлеуметтік, экономикалық салаларына баға бере білу арқылы оны дамытуға, жетілдіруге нақтылы ұсыныстар әзірлену.

Дөңгелек үстелге  «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының партиялық бақылау комитетінің төрағасыДәулеткерей Рахметуллин, Астана қаласы Ішкі істер департаменті Көш қон полициясы басқармасы Этникалық көші-қон және босқындармен жұмыс бөлімінің бас маманы Бейімбет Үсіпбек, ЕҰУ-нің «Еуразия» ғылыми-практикалық орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің доценті, техника ғылымдарының кандидаты Сайд Зақанұлы,  Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің доценті, техника ғылымдрының кандидаты Оқас Құрманұлы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Астана қалалық филиалының төрағасы Бекен Қайратұлы,Оралмандардың Республикалық «Асар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, экономика ғылымдарының кандидат Қайрат Бодауханұлы, Қазақ  гуманитарлық заң университетінің Ұлттық құқық жоғарғы мектебінің директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Үнзила Шапаққызы, Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің аға оқытушысы,  әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышқанұлының баяндамалар тыңдалады.

Шараға келген ғалымдар, сарапшылар, оралмандар. БАҚ және қоғамдық ұйымдар өкілдері арасында өзара пікір алмасулар болады.

Соңғы жаңалықтар