Астанада «Көші-қон мәселелері және оралмандардың құқықтық әлеуметтік бейімделуі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді
АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Ертең, яғни 23 тамыз күні Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы және «Көшіп қонушылардың ақпараттық және аналар мен балаларды қолдау «Мейірім-Демеу» орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Көші-қон мәселелері және оралмандардың құқықтық әлеуметтік бейімделуі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Шараға Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы Руслан Қамаш, Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көші-қон бөлімінің басшысыБейімбет Үсіпбек, Астана қаласы, Ішкі істер департаменті Көш-қон полициясы басқармасынын инспекторыТөлеген Талғатбеков және тағы да басқа лауазымды тұлғалар қатысады.
Дөңгелек үстелдің мақсаты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен елордамыз Астана қаласына алыс және жақын шетелдерден қоныс аударған оралмандарға құқықтық, ақпараттық, рухани, психологиялық, тілдік көмектер көрсету арқылы олардың жаңа ортаға кірігіп, қоғамдық өмірге еркін араласуына мүмкіндік жасау. Олардың қоғамдық белсенділігін арттыру бағытында іске асып жатқан «Оралмандарды әлеуметтік бейімдеу және қолдау қызметін ұйымдастыру» атты әлеуметтік жоба барысында көтерілген басты проблемалар мен қойылған сұрақтар, пікір-ұсыныстарды талдау. Көші-қон саясатының құқықтық, әлеуметтік, экономикалық салаларына баға бере білу арқылы оны дамытуға, жетілдіруге нақтылы ұсыныстар әзірлену, дейді ұйымдастырушылар.
Шара Астанадағы «Алматы іскерлік үйі» бизнес орталығының мәжіліс залында, сағат 15:00-де өтеді.