Астанада ҚР Әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Бас әскери прокуроры Ерғали Мерзадиновтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

 Отырыс барысында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әскери ведомстволардың атқарған жұмыстары және «Нашақорлыққа әскерде орын жоқ» республикалық акцияның бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша іске асқан шаралар қаралды.

Үйлестіру Кеңесі Қарулы Күштердегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің оңтайлы бағытта нығайып келе жатқандығын, әскери ортада құқықбұзушылық әрекеттер мен нашақорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан ведомствоаралық іс-шаралардың тиімділігін атап өтті. Сондай-ақ әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының әрекеттерін біріздендіру нәтижесінде, әскери қызметшілермен жасалған тәртіптік бұзушылықтардың, сондай-ақ жарғыдан тыс әрекеттерге байланысты әскери қылмыстардың саны азайтылғандығы тілге тиек етілді.

Отырыс нәтижесінде, Әскери басқару және қылмыстық қудалау органдары үйлестіру кеңесінің 2010 жылғы жұмысы «Құқықтық мемлекетке - құқықтық әскер» ұраны аясында атқарылатындығы шешілді. Олардың ішінде 2010-2012 жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда құқықбұзушылықтардың алдын алудың Ведомствоаралық бағдарламасын пысықтау және қабылдау бар.

Айта кетейік, үстіміздегі жылы аталмыш Үйлестіру кеңестің бастамасымен «Нашақорлыққа әскерде орын жоқ» акциясының бірінші кезеңі, «Қауіпсіз әскери қалашық», «Жарғыдан тыс қарым-қатынысқа жол жоқ» байқаулары, жас әскерилермен тақырыптық кездесулер және спорттық сайыстар, әскери-патриоттық тақырыпқа арналған балалардың үздік суреттерінің көрмелері, сондай-ақ патриоттық клубтардың жиындары мен «Отан қорғаушысы - 2009» ұлттық жастар фестивалі ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар