Астанада ҚР Ішкі әскерлерінің құрылған күніне орай гала-концерт өтеді

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Ішкі әскерлерінің құрылған күніне орай ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің Орталық оркестрі мен Ән-би ансамблінің гала-концерті өтеді.

Астанада ҚР Ішкі әскерлерінің құрылған күніне орай гала-концерт өтеді

Гала-концерттің бағдарламасында әскери әндермен қатар эстрада, халық әндері, әлем халықтарының ән-билері орындалады. Сонымен бірге айтулы күннің құрметіне арнап Қазақстан эстрадасының жұлдызы Маржан Арапбаева мен халықаралық конкурстардың лауреаты, профессор Бекболат Байсағатов өз өнерлерін паш етпек. Ал Бейбітшілік және келісім сарайының фойесінде Ішкі әскерлердің жауынгерлік қызметі туралы фотокөрме ұйымдастырылады.

«Концерттің мақсаты - жастарды Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу, әскери өмірдің үздік дәстүрі мен ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу болып отыр», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.