Астанада ҚР ҚК-нің әскери қызметшілеріне пәтер кілттері табыс етілді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери қызметшілеріне пәтерлердің кілті табысталды. Жаңа тұрғын үй арнайы жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы үшін салынды, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Астанада ҚР ҚК-нің әскери қызметшілеріне пәтер кілттері табыс етілді (ФОТО)

Бұл баспанаға 232 отбасы орналастырылады. Әскери қызметшілердің отбасы құрамына байланысты пәтерлер әртүрлі шаршы метрдегі 1, 2, 3, 4 бөлмелі, абаттандырылған және ішінара жиһаздандырылған. Тұрғын үйдің ғимараты Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында орналасқан. Қазір әскери қызметшілер өздерінің жаңа үйлеріне көшуде.

«Пәтерлер кең, жылы, таза және онда отбасы, балалар үшін қажетті дүниенің барлығы бар», - деп ағынан жарылды жаңа қоныстанған адамдар.