Астанада ҚР Конституциясы күні қарсаңында дүниеге келген сәбилерді құттықтады
АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігі ҚР Конституциясы күні қарсаңында дүниеге келген жас нәрестелерді құттықтады. Жеті жаңа туған нәрестені ауруханадан шығару салтанатты рәсімі бүгін Астана қаласының перинаталдық орталығында орын алды.
Алматы ауданы әкімінің орынбасары Түсіп Рысбеков жаңа туған нәрестелерге мықты денсаулық пен сәттілік тілеп, ата-аналарына естелік сыйлықтар табыс етті, ал әділет басқармасының қызметкерлері туу туралы куәліктерді табыстады.
Өз кезегінде, жаңа туған нәрестелердің ата-аналары осы шараны ұйымдастырғандарға шын жүректен алғыс айта келе, бұл күннің олардың естерінде ұзақ жылдарға сақталатынын тілге тиек етті.