Астанада ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған көрме ашылды

СТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Еркегүл Қайратқызы/ -Бүгін елордадағы Ұлттық академиялық кітапхананың көрме залында «Ата Заңым - асыл Заңым, қуатым!» атты ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған көрме ашылды.
None
None

Соңғы 15 жылдың ішінде елімізде мемлекеттілік пен экономикамыздың берік ірге тасы қаланды, жалпы қазақстандық тепе-теңдік қалыптастырылып ұлтаралық келісіммен, қоғамдық тұрақтылықты қалыптастырудың өзіндік моделі жүзеге асырылды. Бүгінде еліміз жан-жақты әрі жедел жаңару мен даму үстінде. Десек те біз айта алмаған жетістіктер мен өзгерістердің барлық процесстерінің негізі ҚР Конститутциясы болып табылады, онда демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құрудың бағыттары бар.

Көрмеде Мемлекеттік Егемендік туралы Декларация, Қазақстан Мемлекеттілігінің тарихы, Конституция заңы, Мемлекетіміздің нышандары, атап айтқанда Елтаңба, Ту, Әнұран мәтінімен қатар, басқа да көптеген тарихи құжаттарды көруге болады. Сөреде тақырыпқа сәйкес 450-ге жуық кітап, фотосуреттер мен басқа да құжаттар қойылған. Мәдени шара «Президент. Парламент. Үкімет», «Конституция - құқықтар кепілі», «Қазақстан мемлекеттілігінің тарихы», «Қазақстан - жасампаз жетістіктер жолында» сияқты бірнеше бөлімдерден тұрады.

Көрмеге Ұлттық академиялық кітапхананың Халықаралық мәдени бағдарламалар мен көрме орталығының меңгерушісі Сара Әлібаева, сондай-ақ Республикалық Ұлан әскерилері және қала қонақтары мен тұрғындары қатысты.

Көрме бір айға жалғасады.

Соңғы жаңалықтар