Астанада ҚР Қорғаныс министрінің қатысуымен Үйлестіру комитетінің отырысы өтіп жатыр

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада ҚР Қорғаныс министрі Даниал Ахметовтың қатысуымен ТМД-ға мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің жанындағы Үйлестіру комитетінің әуе шабуылынан қорғаныс мәселелеріне қатысты оқу-әдістемелік жиындар өткізуге байланысты отырысы өтіп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Отырысқа Ресей Федерациясың, Арменияның, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларус және Өзбекстанның өкілдері қатысуда. Д. Ахметовтың айтуынша, еліміздің Қарулы Күштерін жетілдіруге байланысты Ресеймен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Әуе шабуылынан қорғаныс шаралары тұрғысында әскери жаңа техникалар сатып алынуда. «Біз еліміздің ұшқыштар құрамының дайындығы бойынша тиісті шараларды жүзеге асырудамыз. Алдағы уақытта 2012 жылға қарай майдандық авиация саласында ұшу сағаты 150 сағат деңгейіне жеткізілмек. Бұл НАТО стандарттарына сәйкес келеді. Өткен жылы майдандық авиация ұшқыштары 80 сағат ұшты. Биылғы жылы осы көрсеткіш жоғарылайтын болады. Атап айтқанда, басты мақсат майдандық авиацияның 2012 жылдағы деңгейін 150 сағатқа жеткізу. Осы арқылы біздің жауынгерлік дайындығымыз айтарлықтай жоғарлайтын болады», деді Д. Ахметов. Отырыс барысында министр Ресей Федерациясынан С-300 зениттік-зымыран кешенін сатып алу бойынша келісімшартқа қол қойылғанын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар