Астанада ҚР Мәдениет министрінің қатысуымен елдегі тұңғыш спорттық арна ашылды

АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Астананың 15 жылдығы қарсаңында "KazSport" тұңғыш отандық мемлекеттік спорттық арнаның салтанатты ашылуы болды.
None
None

Арна «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясының құрамында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ашылды.

«Елбасымыз тәуелсіздіктің барлық жылдарында отандық спорттың дамуына үлкен қолдау көрсетіп келеді. Президенттің өзі әртүрлі спорт түрімен айналысады: үлкен теннис, гольф, жүзу және тау шаңғысы спорты. Осылайша ол барлық қазақстандықтарға үлгі көрсетуде. Біздің спорттағы барлық жетістіктеріміз және отандық спортшылардың жеңістері ҚР Президентінің қамқорлығы мен қолдауының нәтижесі болып табылады», - деді телеарнаның салтанатты ашылуында сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

«Жаңа телеарна салауатты өмір салтының ғана емес, отандық спорттың жоғары жетістіктерінің де насихаттаушысы болатынына сенімдімін», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар