Астанада ҚР-ның жаңа қылмыстық заңнамасының проблемаларына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Заң шығару институты Әділет министрлігімен, «Халықаралық құқықтық бастама» қоғамдық қорымен, Орталық Азиядағы халықаралық түрме реформасының өңірлік өкілдіктерімен бірлесе отырып,
сондай-ақ Қазақстандағы Нидерланды елшілігінің қолдауымен «Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық заңнамасы: проблемалары, тенденциялары және жетілдіру жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлауда.
Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Конференция жұмысына Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, мүдделi мемлекеттiк органдардың, халықаралық және үкiметтiк емес ұйымдардың, Қазақстанның ғылыми бірлестіктері мен шетелдік ғылыми бiрлестiктерінің өкілдері қатысады.