Астанада ҚР Парламенті жүлдесіне арналған жекпе-жектердің 1-ші фестивалі басталды

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін елордада ҚР Парламентінің жүлдесіне арналған жекпе-жектердің 1-ші фестивалі салтанатты түрде ашылды.

Астанада ҚР Парламенті жүлдесіне арналған жекпе-жектердің 1-ші фестивалі басталды

Фестивальде қазақ күресі, муайтай, кикбоксинг, ушу-таолу, таэквондо, каратэ кекушинкай, қоян-қолтық ұрыс, джиуджитсу сынды олимпиадалық спорт түрі болып саналмайтын, барлығы 12 спорт бойынша жарыстар өтетін болады.

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Штаттағы ұлттық командалар дирекциясының баспасөз хатшысы Ардақ Тоғымовтың айтуынша, аталмыш дода мақсаты жастар арасында осы спорт түрлерін насихаттау болып табылады. "Регламентке сәйкес, жарысқа 2 мыңнан астам палуан қатысуда. Бірқатар жекпе-жектер "Сарыарқа" велотрегінде, қалғандары "Дәулет" спорт кешенінде өтеді. Бұл осы тектес спорт арасында өткізіліп отырған алғашқы фестиваль. Бiз болашақта оның жалғасын табатынына үмiттенемiз", - дейді А.Тоғымов.

ҚР Парламенті жүлдесіне арналған жекпе-жектердің 1-ші фестивалі 20-24 желтоқсан күндері өтеді.