19:23, 30 Маусым 2010 | GMT +5
Астанада ҚР Премьері, ТЖ, денсаулық сақтау министрлері мен ҚТЖ басшысының қатысуымен «Денсаулық» пойызының жұмысының басталуына қатысты салтанатты шара өткізіледі
АСТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат - Шілденің 1-інде астаналық вокзал аумағында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың, ТЖ министрі Владимир Божко, денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев пен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Маминнің қатысуымен «Денсаулық» пойызы жұмысының басталуына қатысты салтанатты шара өткізіледі.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Денсаулық» пойызын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен бірлесе отырып ұйымдастырады.