Астанада ҚР Президенті жанындағы Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтеді
АСТАНА. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қаңтардың 20-да Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселелері жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтеді.
Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, аталмыш комиссия Мемлекет басшысының Жарлығымен 2010 жылғы қаңтардың 11-де құрылған.