Астанада ҚР Президентінің қатысуымен Конституцияның 20 жылдығына арналған концерт өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған мерекелік концерт өтуде.
None
None

Шара қонақтарының арасында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Конституция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қатысушылары, сондай-ақ еліміздің танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері бар. Ал, Сербия Республикасының Президенті Томислав Николич бұл шараның арнайы қонағы болды.

Концерттік бағдарлама аясында «Астана Опера» театрының хоры, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі, «Славян базары-2015» ХІІІ халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауында бас жүлдені иеленген Димаш Құдайберген, «Астана Балет» мемлекеттік би театры, ҚР еңбек сіңірген әртістері, халықаралық байқаулардың лауреаттары, сондай-ақ би ансамбльдері өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар