Астанада ҚР Президентінің жүлдесі үшін қазақша күрестен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің жаңа маусымы ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 12 наурызда Ұлт көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақша күрестен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Астанада ҚР Президентінің жүлдесі үшін қазақша күрестен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің жаңа маусымы ашылады

Бұл туралы «Қазақстан Барысы» қазақша күресін дамыту қорының баспасөз баянында хабарланды. Еліміздегі ең айтулы спорттық жобаның финалдық сынына жолдама алатын балуандар есімі наурыз айында басталатын 3 іріктеу кезеңінен соң анықталады. Салмағы 80 келіден жоғары, жасы 18-ге толған әрбір балуанның «Қазақстан Барысы» жобасында бақ сынап, халықтың батыры атануына мүмкіндігі бар.